Сенім телефоны
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қауіпсіз мектеп"профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
11-03-2020 13:41

              Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында 2020 жылдың 11-15 наурыз аралығында облыс аумағында "Қауіпсіз мектеп"профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Осы кезеңде тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ өз балаларын тәрбиелеумен айналыспайтын ата-аналарды анықтау және есепке қою бойынша іс-шаралар өткізеді.
Бүгінгі күні полиция ведомствосының есебінде 109 кәмелетке толмаған және 411 қолайсыз отбасы бар. Бұл адамдар тұрғылықты жері, оқу және жұмыс орны бойынша, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерделеп, заңды өкілдерімен әңгімелесіп, құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда заңды шаралар қабылдайды.
            Кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталған суық, атыс қаруы мен денсаулыққа зиян келтіруге қабілетті басқа да заттарды анықтауға және алып қоюға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу жоспарлануда.
Полиция еске салады: құрметті ата-аналар, балаларға көбірек көңіл бөліңіз, мектепте, аулада олардың күні қалай өтіп жатқанын, балаңыз немен айналысатынын, кіммен достасатынын, олардың уайымдылығын және қуанышын естуге және тыңдауға тырысыңыз. Әрбір бала өздерін туған-туысқандары жағынан қорғалғанын сезінуі және отбасының қолдауына сенімді болуы тиіс.

         10-11 сынып оқушыларына арналған "ҚР ІІМ жоғарғы оқу орнына түсу туралы" кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.Полиция полковнигі Малибаев З.Х, аға лейтенант Серимова А.Т, полиция кіші сержанты Қосдаулетов Д. Х дәріс оқыды.