Сенім телефоны
87058890632
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
"Ерен елдің ертеңі - кемел білім мен ана тілінде"атты қазақ тілі мен әдебиет онкүндігіні
12-11-2021 13:36

"Ерен елдің ертеңі - кемел білім мен ана тілінде"атты қазақ тілі мен әдебиет онкүндігінің өтуіне байланысты қазақ тілі мұғалімі Эртисхан Оморгуль  "Ойы ұшқыр, домбырасы жүйрік"атты Ұлы ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай "Ұлттың ұлы ұстазы" республикалық жас ақындар айтысына қатысқан  Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия мектебінің Шыңғыс, Қадырхан, Махамбет сынды жас ақындармен кездесу ұйымдастырылып, жас ақындарымыз қазақтың қара домбырасын қолға алып, жыр арнады.Топ алдында қолма  қол суырып салма өнерлерін паш етті, шығарған өлеңдерін нақышына келтіре оқып берді.Сынға түсіп шыңдалған жас дарындар бойынан айтыс жанрының қыр-сырын игерген талпыныстары қуантты, болашақтарынан  зор үміт күтуге болатынын байқатты. Айтыс - терең таным мен білімді қажет ететін қырағы көз бен қисынды сөз туындысы болып табылатындықтан,  осы жолды таңдаған  жас ақындарымыздың алар асулары мол болсын!