Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87058890632
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Бастауышым – балбұлағым» тақырыбында бастауышпен қоштасу ертеңгілігі
23-05-2023 14:48
 «Бастауышым – балбұлағым» тақырыбында бастауышпен қоштасу ертеңгілігі

2023 жылдың 23 мамыр күні «Бастауышым – балбұлағым» тақырыбында бастауышпен қоштасу ертеңгілігі өтті. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштаса отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланының  өз ерекшелігін танытты. Сәт сапар тілеп, орта буынға табыстау мақсатында 4 сыныпты бітірген 78 оқушы  ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салып, зор қуанышты күнге теңесті. Ертеңгілік барысында мектеп басшысы Г. Ж. Анесова құттықтау сөз айтып, оқушыларды мектеп бітіру дипломымен марапаттап, оқушылардың жетістікке жетулеріне үлес қосқан, мектеп өміріне белсенділік танытқан   ата – аналар «Алғыс хатпен» марапатталды.