Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87058890632
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«V Қалалық Қалижан Бекқожин оқуларының» қорытындысы туралы
15-01-2013 03:54

 

         Мектебімізде 2012 жылдың 12 желтоқсанында халық жазушысы, жерлес ақынымыз Қалижан Бекқожиннің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде «V  Қалижан оқулары» өтті. Бұл шараға қала мектептері арасынан 40 талантты оқушылар қатысты. Олар «Менің жырым өрен тасқын», «Туғаннан тың ғасырмен мен сырласпын» атты екі номинация бойынша өзара бақ сынасты. Ақын өлеңдерін тоқтаусыз жатқа оқығандар қай –қайсысы болса бір –біріне ұқсамайтын, өзіндік табиғи талант, айрықша дарындарымен тыңдаушысын таң қалдырды. Ал, енді Қалижанға арналған, әр тақырыпқа жазылған өз өлең –жырларын оқып берген балалардың ақындық өнерлері де тамаша.

       «Менің жырым өрен тасқын» мәнерлеп оқу  номинациясынан

Қ. Бекқожин атындағы №12 мектептен қатысқан 6-сынып оқушысы Мағажанова Диана II дәрежелі II орын дипломымен марапатталды.                                              

        «Туғаннан тың ғасырмен мен сырласпын» жас ақындарноминациясынан шығармашылығы үшін 8-сынып оқушысы Тілеуберген Бұлбұл II дәрежелі II орын дипломымен марапатталды. Бұл оқушыларға жеңістің биік тұғырынан алдағы уақытта да көріне беріңдер демекпін.

Сондай-ақ Бәкен Аяулым, Қасымова Дана, Қани Сания, Калиева Камила, Қайыржанов Азамат, Сегизаева Гүлжанат сынды талантты оқушылар ән шырқап, би билеп, өлең оқып, өнер көрсетті.

       Кештің мазмұнды өтуіне мектеп әкімшілігі және барлық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері басшылық жасап, өз үлестерін қосты.