Сенім телефоны
87058890632
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Қазақ тілі мұғалімдерінің кәсиби деңгейін көтеру мақсатында әдістемелік бірлестігінің жұмысын жетілдіру» атты қалалық практикалық семинар
11-02-2014 07:46
«Қазақ тілі мұғалімдерінің кәсиби деңгейін көтеру мақсатында әдістемелік бірлестігінің жұмысын жетілдіру»  атты қалалық  практикалық семинар

 10 ақпанда Қ. Бекқожин атындығы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшісі А. А. Жумабекова «Қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында әдістемелік бірлестігінің жұмысын жетілдіру»  атты қалалық  практикалық семинар өткізді.

  Семинар қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдерінің бірлестігінің кәсіби шеберлігін шыңдау және  тәжірибе алмасу мақсатында  ұйымдастырылды.       Семинар жұмысына  қала  мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

 Семинарға қатысушылар   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысымен танысты. Тәжірибе алмасудан соң семинарға қатысушылар «Қалижантану» орталығына, оның ішінде мемлекеттік стандартқа сай жабдықталған қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерімен танысып, осыдан кейін мұғалімдер семинар жайлы ой бөлісіп,  өз пікірлерін білдірді. Шағын концерттік бағдарламаны  тамашалады. Семинар келген мұғалімдердің көңілінен шықты.