«Ауғанның отты жалыны» атты кеш
14 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты «Ауғанның отты жалыны» атты кеш өтті. Мерекелік іс – шараға 5 сынып оқушылары мен 9 сынып оқушылары қатысты. Кешіміздің құрметті қонақтары, Ауған соғысының ардагерлері Какашин Қайрат Жаңбырбайұлы мен Жантасов Айтпай Дуйсенович оқушылармен сұхбат-әңгіме жүргізді. Соғыс қарсаңындағы тарихи оқиғалармен бөлісіп, болашақ жастарға көптеген тілектерін айтты



