"Менің үй кітапханам" байқауы
"Менің үй кітапханам" байқауы Павлодардың 1000-нан астам отбасының қызығушылығын тудырып, 15 қаңтардан 1 ақпанға дейін көптеген өтінімдер қабылданды. Бейнероликтер әлеуметтік желілердегі балалар мен ата-аналар беттерінде белсенді түрде жарияланды.
Конкурстық өтінімдерді бағалау үшін білім беру бөлімінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының, "Павлодар Дарыны", балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығының өкілдерінен тұратын қазылар алқасы құрылды.
Нәтижелер 1 наурызда жарияланады