Бүгін №24 ЖОМ-де ЛОО, Step by step, ИКТ, сыни ойлау алаңдарында қалалық ұйымдастырушылық әрекетшілік ойындары өтті. №15 ЖОМ мұғалімдері ИКТ алаңында болып, LearningApps.org. қосымшасымен танысты. LearningApps.org. - бұл оқыту үдерісін интерактивті модульдер көмегімен қолдау қосымшасы (қосымшалар, жаттығулар). Аталмыш онлайн-сервис осындай модульдерді құрастырып, оларды сақтап, пайдалануға, педагогтар арасында оларды еркін бөлісуге, оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға (сонымен қатар, жаңа модульдер құруға) мүмкіндік береді. LearningApps.org.- түрлі күрделі деңгейдегі интерактивті тапсырмалар құрастыратын қосымша: викториналар, кроссвордтар, пазлдар және ойындар, меңгерілуі айтарлықтай қиын емес. LearningApps.org.-та өздігінен жұмыс жасауға болады - тапсырмаларды құрастыра отырып және мұғалімнің тапсырмасы бойынша да - оның дайындаған тапсырмаларын орындауға болады, орындалған тапсырмалар нәтижелері мұғалімнің аккаунтында көрінеді. Сервис өз бетінше меңгеру үшін айтарлықтай қарапайым.
Ұйымдастырушылық әрекетшілік ойындар