8 наурыз
Халықаралық әйелдер күні 8 наурызды мерекелеу шеңберінде 1 "А" сыныбында "Анамның көздері" атты ертеңгілік өтті. Оқушылар аналарына, әжелеріне арнап тақпақтар, әндер дайындады. Өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын сыйлады. Жарманы анықтау, шашты жылдам және әдемі өру бойынша конкурстар қызықты өтті. Сонымен қатар, қыздар шебер, тамаша "аспаз" және жақсы "тігінші" екендіктерін көрсетті. Аналары бала кезіндегі әндерді естеріне алды (караокемен ән орындады). Ертеңгілік мерекелік шай ішумен аяқталды.