СӨС туралы әңгіме
5-6 сыныптар оқушылары БайгожинаКенжегүл Жанатқызымен мәжіліс залында кездесіп, салауатты өмір салты жөнінде әңгімелесті.
Байгожина Кенжегүл Жанатқызы денсаулық құпиясы туралы айтып қана қоймай, залда отырған көптеген балаларды бір-бірімен қарым-қатынас жасауға жұмылдырды. Біреулер өздерін қан жүгіретін тамырлар рөлінде көрсе, басқалары бір сәтке эритроциттер болды.
Қызықты әңгіме соңында көптеген оқушылар күнде жаттығу жасап, зиянды тағамдардан бас тартуды шешті.