Адамгершілік минуттері
Мектебімізде өзін-өзі тану онкүндігі шеңберінде шаралар өткізілуде. Мектептің дәстүрі - адамгершілік минуттерін өткізу. Оқушылар күн сайын мейірімділік, шындық, сүйіспеншілік, қайырымдылық, сенім, сыпайылық сияқты өмірлік құндылықтармен танысуда. Адамгершілік минуттерінің мақсаты - әр баланың санасына өнегесіз қылықтар қашанда жазаланатынын және әлемде жақсылық жамандықты жеңетінін жеткізе білу.