"Қазақстандық рәміздерді білгіштер"
2019 жылғы 28 қарашада 5-6-сыныптар оқушыларымен "Қазақстандық рәміздерді білгіштер" атты викторина өткізілді. Викторинаның мақсаты: Отанға деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті, тарих пен еліміздегі халықтар дәстүріне деген құрметті тәрбиелеу; Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тарихымен танысуды жалғастыру болды. Викторина үш кезеңде өтті: 1-кезең: "ҚР Мемлекеттік Туы", 2-кезең: "ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы", 3-кезең: "ҚР Мемлекеттік Әнұраны" болды. "Зерде" білім орталығы.
Сулейменова Диана