Сабақтастық бойынша педконсилиум
5-сыныптықтардың бейімделу кезеңі олардың өміріндегі ішкі және сыртқы өзгерістермен байқалады. Сынып жетекшісінің басты міндеті - психологиялық жағымды жағдай құрып, әр оқушыға қолдау көрсету болып табылады. Мектепте дәстүрлі түрде сынып жетекшілердің, пән мұғалімдерінің, психологтың шақырылуымен сабақтастық бойынша педконсилиум өткізіліп тұрады. Сынып жетекшілері 5-сыныптықтардың бейімделуі туралы есепті ұсынып, пән мұғалімдері өздерінің бақылауларымен бөлісті. Соңында мектеп психологы А.А.Хамитова мұғалімдер мен ата-аналарға ұсынымдар берді.