"Жасөспірімдердегі дағдарыс жағдайларының алдын- алу және жеңу"

21 желтоқсанда Павлодар облысының Білім басқармасы мен инновациялық орталығы қашықтық режимде білім беруді дамытудың "Жасөспірімдердегі дағдарыс жағдайларының алдын- алу және жеңу" тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинарға тәрбие бөлімінің меңгерушісі Шуакбаева Жанар Ниязбековна , сонымен қатар психолог Кенесбаева Марина Куатбековна қатысып, баяндама жасады.Семинарда баяндамашылар жасөспірімдердің дағдарыстық жағдайларын алдын- алу бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін ұсынды.