Мемлекет Басшысы Қасым Жұмарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады.
20 қыркүйек күні сағат 11.00-де мектепте "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында республикалық сынып сағаты және ашық сабақтар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін түсіндіру арқылы оқушылардың патриоттық сезімін күшейту болып табылады.
Аталған іс-шараға Павлодар қаласының белгілі тұлғалары С. Т. Торгаева 7 арнаның тілшісі, қалалық су арнасы басшысының орынбасары Моисей Анатолий Иванович, "Nur Otan" партиясының саяси менеджмент мектебінің консультанты Уахит Абай Әсетұлы, біздің мектебіміздің түлегі, табысты адам Нажмиденов Аслан Жұмартұлы шақырылды. Қонақтар мемлекет дамуының қорытындылары мен перспективалары, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы айтып, өңірді дамытуға қосқан жеке үлесі туралы оқушылармен бөлісті.
Іс-шаралар "Жасампаздыққа толы жылдар" басты идея белгісімен өткізілді.
"Тәуелсіздік жетістіктері"