«Жас ұстаздар мектебі»
Оқыту – күрделі, көп қырлы жұмыс. Әсіресе осы жолға енді ғана аяқ басқандар үшін. Жас мұғалімдермен жұмыс жасау мақсаты – педагогикалық ұжымның кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету,
педагогикалық ұжымдар құрамының теңгерімі мен дәстүрлердің сабақтастығы. 02.11.2021 жылы «Жас ұстаздар мектебі» аясында мектебіміздің жас мамандарымен «Заманауи технологиялар білім сапасын қалай арттырады?» атты коучинг өткізілді. Мұғалімдер білім сапасын арттыруға қандай заманауи технологиялар көмектесетінін талқылады.