Благотворительная акция

«Sport_pavlodar» жәрмеңкесінің бутик желісінің кәсіпкерлері әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларына көмек көрсету мақсатында 21 ЖОББМ-де тұрақты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында әр түрлі жастағы оқушыларға қысқы киім, аяқ киім, спорттық киім түрінде көмек көрсетіледі. Акцияларды Вероника Сергеевна Пасечниктің бастамасымен мектебіміздің ата-аналары ұйымдастырып отыр. Әкімшілік пен педагогикалық ұжым ынтымақтастық үшін шынайы алғысын білдіреді.