«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі»

6,7 сынып оқушылары «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» тақырыбында диалогқа қатысты. Іс-шараға Павлодар облысы прокуратурасының аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі, заңгер, мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі Қ.А.Сариева қатысты. Диалог барысында Камиля Амангелдіқызы мектеп оқушыларына құқық бұзушылықтар мен қылмыстар: бопсалау, қорлау, электронды темекі шегу, психоактивті заттарды қолдану және оларды жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтып берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сауатты жауаптар алды.