
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында біздің мектеп базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Павлодар қаласының оқушылары арасында 1 қалалық ұлттық ойындар фестивалінің финалдық жарыстары өткізілді.
Фестиваль финалына қала мектептерінің 8 командасы, оның ішінде біздің оқушылар да шықты.
Командалар ұлттық ойындардың бес түрінен жарысты:" Асық ату"," Бес асық"," Ләңгі"," Білектесу","Арқан тарту".
Финалдық жарыстардың қорытындысы бойынша біздің команда 3 орынға ие болды. Қатысушылар медальдармен және грамоталармен марапатталды. Біздің жеңімпаздар: Бауыржанова Азиза, Ибаділдаев Бейбарыс, Дюсук Тамерлан, Аушев Әлихан, Қабидолла Әлібек. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!
Фестивальге "Ирбис", "Ертіс"телекомпанияларының өкілдері қатысты. Дюсук Тамерлан ұлттық ойындарды дамыту бойынша екі арнаға сұхбат берді.