Әрі қарай ынтымақтастыққа үміттенеміз!
13 желтоқсанда 7-сынып оқушылары мен Павлодар облысы Чуваш қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы, К.Даржуман атындағы чуваш ұлттық жаңғыру бөлімі мектебінің қосымша білім беру педагогы Софронова Елена Ивановнамен кездесу өтті.Мемлекеттік мереке қарсаңында балалармен еліміздің игілігі, бірлігі, толеранттылығы және тәуелсіздігі тақырыбында сөйлесті. Ойын түрінде балалар еліміздің 30 жылдағы маңызды жетістіктерін еске алды. Өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды! Үлкен рахмет Елена Ивановна! Әрі қарай ынтымақтастыққа үміттенеміз!