16-27 қаңтар аралығында математика пәнінің онкүндігі өтеді!

Математиканың жұмбақ және сырға толы әлеміне қош келдіңіздер. 16-27 қаңтар аралығында математика пәнінің онкүндігі өтеді! Барлық оқушыларды тапсырмалары 1-қабатта орналасқан математикалық судоку, сөзжұмбақ, ребустар және логикалық есептерді шешуге белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл тапсырмалардың жауаптары 2023 жылдың 20 қаңтарында 37 кабинетте қабылданады. Сондай-ақ геометриялық фигуралар көрмесі ұйымдастырылады, онда әрқайсыңыз шығармашылық қабілеттеріңізді көрсете аласыздар. Осымен қатар онкүндікте «Сіз математикамен доссыз ба?” челленджі өтеді. Ең белсенді қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталады.