Кітапхананың іші сондай көңілді
28.04.2023 ж. Кітапхананың іші сондай көңілді. 1"З" сынып оқушылары сынып жетекшілері Беседина Кристина Валериевнамен бірге кітап таңдап, оқуға бірден кірісті. Балалардың есейгені, оқуға құштар екендіктері көрініп тұр. Біз де балаларды қолдап таңдаған кітаптарын оқытып мәзбіз. Бала тілі бал, олар бізге, біз оларға ризамыз. Есейген, ақылдары кірген, мектеп тәртібін меңгерген, білімге құштарлықтары көрініп тұр. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығарсыңдар...