“Ас қайда қорытылады?”
Бастауыш сыныптар апталығы аясында 3”А” сынып оқушыларында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: “Ас қайда қорытылады?”. Сабақ барысында оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасады. Word woll бағдарламасын қолданып, тақырыпқа байланысты қызықты бейне роликтерді тамашалады. Жұмыс барысында “жұмыртқа ашу”, “мозаика”,”атаулар кестесі”, “үш сұрақ” , сызбаны толықтыру және т.б. әдіс-тәсілдер қолданылды. Сергіту сәтінде нейрогимнастикалық би биледі. Сабақ өз мақсатына жетті.