«Цифрлық сауаттылық сабағында 1-сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту»
Бүгін информатика пәнінің мұғалімі А.Т. Қожаханова «Цифрлық сауаттылық сабағында 1-сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Анастасия Тоқтасынқызы қалалық мұғалімдермен өз тәжірибесімен бөлісті. Тақырыптық топтарға бөлу ұйымдастырылып, топтарға біріктірілді, мұғалімдер қызығушылықпен 1-сынып оқушыларына арналған тапсырмалар әзірлеп, орындады. "ДОДЕКАЭДР" текшесі арқылы рефлексия жүргізілді, басқа мектеп мұғалімдері «Мен тілеймін...», «Бүгін мен үйрендім...», «Қиын болды...», «Қызық болды...», «Мен жасадым...», «Мен істей алдым...», «Маған ерекше ұнады...», «Мен таң қалдым. ...», «Енді мен істей аламын...», «Мен қаладым» деген сұрақтарға жауап берді.