«Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ, облыс білім беру басқармасының «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ қолдауымен 15.05.2024 ж. «STEM DAY - 2024» стем-жобалар облыстық конкурсы өтті. Бұл конкурста Павлодар облысы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары, Павлодар облысы колледждері мен Марғұлан университетінің 1-3 курс студенттері қатысты.
Байқау «Білім беру робототехникасы»,«Инженерлік іс», «Бағдарламалау», «Дизайн», «Жаратылыстану ғылымдары», «Математика», «3Д-модельдеу және 3Д-принтинг», «Толықтырылған және виртуалды шындық» өзекті ғылыми пәндер бойынша эксперименттік тапсырмалардан тұрды. Бұл байқауға №21 мектеп оқушылары Сапарғалиев Шыңғыс, 11 "Б" сынып оқушысы және Турий-Ладыко Платон, 7 "В" сынып оқушылары қатысты. Олар жобаны "жаратылыстану ғылымдары" санатында "3D принтерді пайдалана отырып, жел генераторына арналған қалақ үлгілерін әзірлеу" тақырыбында таныстырып, 2 орынға ие болды, сондай-ақ 60 000 теңге сомасына сертификат алды. Жоба жетекшісі: Қайырденова Н.А.. Оқушыларды құттықтаймыз және оларға алда табыс тілейміз!
Оқушыларды құттықтаймыз және оларға алда табыс тілейміз!