Математика онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті

2025 жылғы 13 қаңтарда №21 орта жалпы білім беретін мектепте математика онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара аясында әдістемелік бірлестік мұғалімдері оқушылардың білімдері мен тапқырлықтарын көрсетуге мүмкіндік берген қызықты байқаулар ұйымдастырды.
Оқушылар ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысты: олар «Крестиктер-нолики» ойынында сайысып, қызықты математикалық сұрақтарға жауап беріп, басқатырғыштарды шешті.