«Оқушылар арасындағы нашақорлықтың алдын алу»
2025 жылғы 14 қазанда 8–11 сынып оқушыларына арналған кездесу өтті. Оқушылармен полиция майоры Камзин А.М. «Оқушылар арасындағы нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында әңгіме жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерде салауатты өмір салтын ұстануға тұрақты мотивация қалыптастыру, құрдастары тарапынан болатын қысымға қарсы тұру дағдыларын дамыту, сондай-ақ психоактивті заттардың зияны туралы хабардарлықты арттыру болды.
