Құттықтаймыз!
Павлодар қаласындағы №21 орта мектеп оқушыларынан құралған команда Жалпыбілім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, құрметті III жалпыкомандалық орынға ие болды!
Бұл — оқушылардың мақсаткерлігі, табанды еңбегі, ғылыми қызығушылығы мен мұғалімдердің кәсіби жетекшілігінің нәтижесі.
Оқушыларды және олардың жетекшілері — Н.В.Буцыгинаны, В.А.Ореховскаяны, Ж.С.Крыкпаеваны, Н.Т.Жұмабаеваны лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
Шабыт, жаңа жаңалықтар және ғылым жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз!
