Құттықтаймыз!
2025 жылдың 22 қазанында біздің мектепте оқушылардың өзін-өзі басқару президентінің салтанатты инаугурациясы өтті. Бұл маңызды оқиға 5–11 сынып оқушылары қатысқан демократиялық сайлаудың қорытындысы болды.
Сайлау нәтижесі бойынша мектеп президенті болып 10-сынып оқушысы Алимова Анель сайланды. Салтанатты жағдайда Анель президент антын қабылдап, өз міндеттерін абыроймен және жауапкершілікпен орындауға, оқушылардың мүддесін қорғауға және мектеп қауымдастығының дамуына өз үлесін қосуға ант берді.
