«LegoKids» командасы 2025 жылдың 15 қарашасында Екібастұз қаласында өткен Ertis FIRST Regional 2025 халықаралық робототехника байқауының өңірлік кезеңіне қатысып, 3-орын иеленді.
Команда мүшелері — Устинов Егор, Цыздоева Аиша және Ужеловская Валерияны,
сондай-ақ олардың менторлары — Блок Наталья Леонидовнаны және Мокроусова Анастасия Геннадьевнаны
робототехника байқауында 3-орын алған сәтті нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл — сіздердің табандылықтарыңыздың, креативті көзқарастарыңыздың, өзара қолдауларыңыздың және ғылым мен техникалық шығармашылыққа деген шынайы қызығушылықтарыңыздың жемісі болып табылатын лайықты жетістік.
Дайындық барысында оқушыларды бағыттап, қолдап, шабыттандырған ұстаздар мен тәлімгерлерге ерекше алғыс білдіреміз.
Сіздерге алдағы уақытта да жаңа жеңістер, қызықты жобалар, шабыт және өз күштеріңізге деген сенім тілейміз!
Робототехника сіздерге жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге жол ашуды жалғастыра берсін.
Біз сіздермен мақтанамыз!
