«Мектебіме саяхат»
2 «Б» сыныбында «Мектебіме саяхат» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ оқу материалын бекітуге және коммуникативтік дағдыларды дамытуға ықпал етті. Сабақ барысында оқушылар жазба және ауызша тілін дамытуға арналған тапсырмаларды орындады. Балалар белсенді қатысып, мұғалімнің сұрақтарына жауап берді. Қызығушылық танытып, барлық тапсырмаларды орындап шықты.
