13 қаңтар күні №21 жалпы білім беретін мектебінде «Жас сарбаз – 2026» атты әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша ойын өтті. Бұл іс-шара оқушылардың бойында патриотизм сезімін, азаматтық жауапкершілікті және өз Отанынның тарихына деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараға 10–11 сынып оқушылары қатысып, жоғары дайындық деңгейін, тәртіптілік пен ұйымшылдықты көрсетті. Ойын бағдарламасына: АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау, турникке тартылу, жатып тұрып денені көтеру, ПВ-дан ату, арқан тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздерін білуге арналған зияткерлік тапсырмалар кірді.
Оқушылар барлық кезеңдерден сәтті өтіп, күш-қайратын, ептілігін, төзімділігін және командада жұмыс істей алу қабілетін көрсетті. Әскери-патриоттық ойын көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, командалық рухты нығайтуға және әскери борышқа деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.
