Астанада өткен "ASTANA FIRST & DRONES CHAMPIONSHIP 2026" жарысында № 21 мектептің командалары жоғары нәтижелер көрсетіп, оқу орнын республикалық деңгейде лайықты таныстырды.
"LegoKids" командасы (№21 ЖОББМ) чемпионаттың финалисті атанды, "Champion' s Award Finalist" сертификатымен марапатталды, кубокты жеңіп алды және "Central ASIA FIRST CHAMPIONSHIP 2026"робототехника бойынша халықаралық чемпионатқа қатысуға квота алды.
"Новое поколение" командасы "Enhusiasm and Dedication Award" номинациясы бойынша табандылығы, командалық рухы және жоғары мотивациясы үшін сертификатпен марапатталды. Халықаралық чемпионатқа қатысуға квотаны команда өңірлік чемпионаттың қорытындысы бойынша алған.
Central ASIA FIRST CHAMPIONSHIP 2026 Орталық Азияның ең мықты командаларын біріктіреді және біздің мектептің оқушылары өңірдің үздік жас инженерлері мен робототехниктерінің қатарына кіретінін мақтанышпен атап өтеміз.
10-13 ақпан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығының базасында "LegoKids" және "Новое поколение" командалары халықаралық чемпионаттың іріктеу кезеңіне қатысады. Жарыстың басты жүлдесі Хьюстондағы (АҚШ) робототехника бойынша әлем чемпионатына іріктеу болмақ.
Командаларды даярлауды менторлар жүзеге асырады: Н. Л. Блок, А. Т. Кожаханова, А. Г. Мокроусова.
Тәлімгерлерге оқушылардың кәсіби шеберлігі, қолдауы және инженерлік ойлауын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс білдіреміз, ал қатысушыларға сенімділік, халықаралық аренада жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
