Телефон доверия
8 7182 608350
Адрес: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ата-аналармен «Open talk»
29-01-2026 19:37
Ата-аналармен «Open talk»

№21 орта мектебінде ата-аналарға арналған «Open Talk» форматындағы кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқу үдерісінің өзекті мәселелері және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар қарастырылды.
Іс-шара аясында пән мұғалімдерінің қатысуымен пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, ата-аналарға білім алушылардың ағымдағы оқу жетістіктері, пәндер бойынша жұмыс жоспарлары, сондай-ақ үй жағдайында оқуға қолдау көрсетуге арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.
Білім алушыларды ББЖМ мен ҰБТ-ға дайындау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді: емтихандардың форматы, бағалау критерийлері түсіндіріліп, дайындықтың тиімді тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар мектеп пен отбасының өзара тығыз ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді, себебі тек бірлескен әрекет арқылы ғана білім алушылардың табысты дамуын қамтамасыз етуге, олардың оқу мотивациясын арттыруға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады.