Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
11 «А» сынып оқушысы Павлов Глеб Павлодар облысында өткен қаржылық қауіпсіздікке арналған ауқымды интерактивті ойынның жеңімпазы атанды. Аталған жобаға 22 мыңнан астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.
Ойынның басты мақсаты: жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және алаяқтық әрекеттерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Көпкезеңді тапсырмалар барысында Глеб жоғары білім деңгейін, зейінін және жауапкершілігін көрсетіп, жеңіске жетті.
Сондай-ақ Глебтің ата-аналарына баланың тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.
Жас жетістіктеріңмен мақтанамыз, алда биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
