«Жас сайлаушы күні»
№21 орта мектебі КММ-де «Жас сайлаушы күні» атты іс-шара өтті. Дүниежүзілік сайлау күні аясында оқушылар сайлау құқығының негіздерімен, азаматтық жауапкершіліктің маңызымен және саналы таңдау жасаудың өзектілігімен танысты. Аталған іс-шаралар өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
