ЖМЦ онкүндігінің жабылу рәсімі
Бүгін ЖМЦ онкүндігінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Іс-шара мерекелік атмосферада өтіп, мазмұнды әрі нәтижелі атқарылған жұмыстың жарқын қорытындысына айналды. Салтанатты рәсім аясында өткізілген байқаулардың қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.
Онкүндіктің жабылуы қатысушыларды, педагогтерді және қонақтарды біріктірген маңызды іс-шара болып, шығармашылық және кәсіби қызметтің маңыздылығын айқындай түсті.
Іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
