№21 мектеп - «Водополия» қалалық экологиялық турнирінің алғашқы финалисі
Павлодар қаласындағы А. Шамкенов атындағы КММ «Мектеп-лицейінде» Арал теңізінің экологиялық мәселесіне арналған «Водополия» экологиялық ойыны бойынша қалалық турнирдің іріктеу кезеңі (жартылай финал) өткізілді.
Жартылай финалға қаланың білім беру ұйымдарынан 12 команда қатысып, олардың ішінен тек 3 команда ғана финалдық кезеңге жолдама алды.
Алғашқы жартылай финал қорытындысы бойынша №21 мектеп командасы 9-гимназия, №39 және №11 мектеп командаларымен бәсекеге түсіп, жеңіске жетіп, турнирдің алғашқы финалисі атанды.
Мектеп намысын 11 «А» сынып оқушылары лайықты қорғады:
Герт Эрика, Кичеров Кирилл, Мержоев Гапур, Пасенкова Яна, Сагитдинова Рамина.
Турнирдің финалдық кезеңі сәуір айында өтеді.
