Бір форма - бір мақсат
«№21 жалпы орта білім беру мектебі» КММ парламенті мектеп формасын киюді мектеп мәдениеті мен тәртібінің маңызды бөлігі деп есептейді. Бірыңғай форма іскерлік атмосфераны қалыптастыруға көмектеседі, жауапкершілік сезімін дамытады және мектепке деген құрметті тәрбиелейді, барлық оқушыларды ортақ мақсатқа біріктіреді.
