«Үнсіз қалмау – батылдық» эссе
«Павлодар дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «Stop-bullying» жобасы аясында «Үнсіз қалмау – батылдық» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушыларға әділетсіздік, кемсітушілік, зорлық-зомбылық және қоғамдағы жағымсыз мінез-құлықтың өзге де түрлері бойынша өз азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру.
Байқау қорытындысы бойынша № 21 орта мектебі КММ-нің 8 «В» сынып оқушысы Татару Амелия I орынға ие болды. Ол өз жұмысында буллинг тақырыбын жан-жақты ашып, зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке қарсы белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті.
