Орыс тілі апталығы
10.02.2026 ж. орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асылбек А.М. 6 «Д» сыныбында орыс әдебиеті пәнінен Лев Николаевич Толстойдің «Кавказский пленник» шығармасы бойынша сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар жазушының өмірбаянымен танысып, Ясная Поляна бойынша виртуалды экскурсия жасады, шығарманың жазылу тарихын білді.
Сабақ мазмұнды, қызықты әрі нәтижелі өтті.
