Телефон доверия
8 7182 608350
Адрес: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ерлік сабағы
20-02-2026 12:53
Ерлік сабағы

2026 жылғы 18 ақпанда «№21 жалпы орта білім беру мектебі» КММ -де Ауған соғысының ардагерлері — интернационал-жауынгерлермен кездесу өтті. Бұл іс-шара «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы тағылымды тәрбие сағаты болды.
Нағыз Адал азамат — ар-намысты, борышты және жоғары жауапкершілікті ту еткен тұлға. Кездесу барысында оқушылар ардагерлердің ерлікке, төзімділікке және Отанға адалдыққа толы естеліктерін үлкен ықыласпен тыңдады. Олардың ерлігі мен жанқиярлығы — жауынгерлік даңқтың, әскери ар-намыстың және антқа адалдықтың жарқын үлгісі.
Ауғанстанда болған жауынгерлердің өмір жолы тарихты құрметтеуге, сөз бен істің бірлігін сақтайтын нағыз азамат қандай болуы керектігін түсінуге тәрбиелейді.
Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері — Касенов Шайхслам Зайкенович пен Кайсаринов Ержан Қабылович қатысты.
Аталған соғыс Ауғанстан жерімен байланысты тарихи кезең ретінде ел жадында сақталып келеді.
Олардың өнегесі бізге мынаны еске салады: Адал азамат болу — өз еліңнің, отбасыңның және өзіңнің алдыңда адал болып, ар-намыс пен абыройды биік ұстау.