Құттықтаймыз!
Павлодар қаласының білім беру бөлімі қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымымен «Жайдарман-2026» байқауының қалалық кезеңін педагогикалық ұжымдар арасында өткізді. Қалалық кезеңде «Павлодар қаласының № 21 орта мектебі» КММ намысын «21 ғасыр командасы» қорғап, капитан Шарипов Даурен Қайратұлының жетекшілігімен бақ сынады. Өнердің жоғары деңгейін, тапқыр әзіл мен бірлікті көрсеткен ұжым байқаудың ең жоғары марапаты — ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алды.
Бұл жеңіс 21-ші мектептің педагогтары тек оқытуда ғана емес, шығармашылықта да талантты екендігінің дәлелі болды. Біз әріптестерімізбен мақтанамыз және оларға таусылмас шабыт пен жаңа педагогикалық жетістіктер тілейміз!
