Құттықтаймыз!
Павлодар қаласының Балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығының ұйымдастыруымен «Өз жеріңді таны» атты туған өлке білгірлерінің турнирі өткізілді.
Турнир бағдарламасына Павлодар қаласы мен Павлодар облысының тарихы, табиғаты және табиғи байлықтары (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, пайдалы қазбалар), өңір экономикасы, танымал тұлғалары, ұлттық ойындары және басқа да тақырыптар бойынша білімді тексеруге арналған сұрақтар енгізілді.
Турнир қорытындысы бойынша «Жемчужины Прииртышья» командасы III орынға ие болды.
Команда құрамы:
Петрова Дарина, Приходько Егор, Цыздоев Саид Али Гириханович, Рыкова Кира, Серышева Евангелина.
Оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
