Телефон доверия
8 7182 608350
Адрес: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
05-03-2026 14:28
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

Бүгін мектебімізде «Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы» «Атамекен» бірлестігінің ұйымдастыруымен салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсімі мазмұнды да әсерлі өтіп, оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыра түсті. 5 «В» сынып оқушысы Хамит Мадина домбырамен күй тартып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Шара барысында оқушыларға ұлттық «Қыз қуу», «Шертпек» ойындары арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырылды. «Шаңырақ шеңбері» ойыны аясында ұлттық тағамдар, бұйымдар мен киімдерге байланысты жұмбақтар жасырылып, мақал-мәтелдердің жалғасын табу тапсырылды. Бұл кезеңде оқушылардың тапқырлығы мен тіл байлығы сынға түсті. Сонымен қатар қызықты сұрақтар қойылып, танымдық сөзжұмбақтар шешілді. Әр тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, білімдерін тереңдете түсті.
Ашылу салтанаты апталықтың жоғары деңгейде өтетініне сенім ұялатып, оқушыларды белсенділікке, білімге және ана тіліне деген сүйіспеншілікке баулыды.