Диалог алаңы
Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А. А. Сербина бірлескен жоспар аясында «21 ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушыларымен психобелсенді заттардың (ПБЗ) алдын алу бағытында «Есірткі туралы мифтер мен шындық» тақырыбында диалог алаңын өткізді.
Тапсырмалар:
психобелсенді заттардың қауіптілігін түсіндіру;
эмоциялық өзін-өзі реттеу дағдыларын үйрету;
ПБЗ қолданудың зияны туралы қосымша ақпарат беру;
денсаулықты сақтау және салауатты, табысты өмір сүру үшін қажетті ресурстарды айқындау.
