Құттықтаймыз!
2–3 наурыз күндері өткен қалалық ашық «ALASH CUP» турнирінде тамаша жеңіске жеткен педагогтарымызды зор мақтанышпен құттықтаймыз!
Иеленген І орын – сіздердің командалық рухтарыңыздың, шеберліктеріңіз бен жеңіске деген жігерлеріңіздің айқын дәлелі. Сіздер тек сыныпта ғана емес, спорт алаңында да көшбасшы екендеріңізді көрсеттіңіздер! Чемпиондық қарқындарыңызды сақтап, жаңа кәсіби және спорттық белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!
