Даналық мектебі
Мектебімізде «Даналық» мектеп жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Алдар көсе мен Бай» қуыршақ театры көрсетілді.
Балалар қойылымды үлкен қызығушылықпен тамашалап, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерімен жақын танысты. Бұл шара оқушылардың бойындағы ұлттық сана-сезімді оятып, ана тіліміз бен мәдениетімізге деген мақтаныш сезімін ұялатты. Балалардың көтеріңкі көңіл-күйі мен жарқыраған жанарлары біз үшін ең үлкен жетістік!
