Наурыз FEST
Бүгін мектебімізде Наурыз мерекесіне арналған «Отбасымен ұлттық тағамды дайындаймыз» атты жылы, көктемгі іс-шара өтті. Оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер ұлттық мәдениет атмосферасына еніп, ерекше әсер алды. Оқушылар ұлттық тағамдар мен мерекенің дәстүрлерімен танысып қана қоймай, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен белсенділіктерін де көрсетті. Наурыз рухына толы бұл мереке барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен бірлік сезімін сыйлады.
