Құттықтаймыз!
2026 жылдың 17 наурызында Павлодар қаласында СПОДА спортшылары арасында үстел теннисінен қалалық біріншілік өтті.
6 «Д» сынып оқушысы Волченко Даяна мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті
6–10 сынып оқушылары арасындағы қыздар сайысында 1-орын иеленді!
Даяна өзінің шеберлігін, табандылығын және жеңіске деген жігерін көрсете білді
Жеңісі үшін ол смарт-сағатпен марапатталды!
Даянаны шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.
Сенімен мақтанамыз!
